Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Лондонда бір топ белсенді Қаңтар қырғынын аза тұтып, акция өткізді

09:26, 27 ақпан 2022 258
[ad_1]



13 ақпанда Лондонда бір топ белсенді Trafalgar алаңында сол күні Алматыда өткен қаралы митингіге қолдау білдіріп, акция өткізді. Британия астанасындағы акция авторлары сондағы қазақ диаспорасынан 30-ға жуық адам қатысқанын айтты.

Акцияға қатысушылар 6 қаңтар күні алаңға шығып, оққа ұшқандар ұстаған "Біз бейбіт халықпыз! Қарапайым халықпыз. Біз – террорист емеспіз!" дейтін ұрандарды плакатқа жазып шыққан.

Trafalgar алаңына жиналғанда Қаңтар қырғыны кезінде қаза болған адамдардың аты-жөні жазылған қағаз ұстап, дұға жасаған.

Кейбірі кеудесі мен арқасында қан ізінің суреті салынған ақ киім киіп, қолдарына "Азаптауды тоқтатыңдар!", "Қазақстандағы трагедияны халықаралық тергеуді талап етеміз!", "Тоқаевтан шұғыл саяси реформа жасауды талап етеміз!" деген жазулары бар плакат ұстаған.



Қазақстандағы Қаңтар қырғынында қаза болғандардың есімі ақ қағазға жазылған. Лондон. 13 ақпан 2022 жыл.

 


Қазақстандағы Қаңтар қырғынында қаза болғандардың есімі ақ қағазға жазылған. Лондон. 13 ақпан 2022 жыл.


Осыған ұқсас акциялар Ұлыбритания астанасында өткен айдан бері жалғасып келеді. 30 қаңтарда Қазақстанның Лондондағы елшілігі алдында бір топ белсенді Қазақстан билігінен қаңтар оқиғасына қатысқандарды қуғындамауды талап еткен. Ол кезде акцияға қатысушылар Trafalgar алаңынан елшілікке дейін транспарант ұстап жүрген. 3 ақпанда бұл топ Ұлыбритания парламентінің ғимаратына барған.

Қаңтар қырғынында қаза болғандар мен зардап шеккендерге арналған акция таяуда Берлинде де өткен. Әлеуметтік желілерде тараған видеода адамдар "Еуропа-Хаус" ғимаратының алдында "Қазақстанда террор тоқтатылсын", "Қазақ халқы террорист емес", "Жаңа Қазақстан жастарды азаптап, өлтірумен басталып жатыр", "Азаптауды тоқтатыңдар! ГУЛАГ қайта оралды" деген ұрандары бар плакат ұстап тұрған.

Жиналғандар Қазақстандағы Қаңтар қырғынын "адамзатқа қарсы қылмыс" деп бағалап, халықаралық комиссия зерттеуін талап еткен.

13 ақпанда, Қаңтар қырғынына 40 күн толғанда Алматыда қаралы митинг өткен еді. Ресми мәлімет қаңтардағы қырғында 227 адам өлді деп көрсетеді. Оған күмәнмен қарайтын құқық қорғаушылар мен БАҚ-тар өлгендер тізімін өз бетінше құрап, оқиғаның шынайы хроникасын жасауға тырысып отыр.

Қазақстанның көптеген өңірлерінде Қаңтар қырғынан кейін ұсталғандарға полицияның озбырлық жасағаны, кінәсін мойындату үшін ұрып-соққаны, азаптағаны жайлы жиі айтылды. Осы оқиғадан кейін жүздеген адам террорға, жаппай тәртіпсіздікке қатысты, қару-жарақ ұрлады деп айыпталып, қамауға алынған.

  • Қазақстанның бас прокуратурасы азаптау, рұқсат етілмеген әдістермен тергеу бойынша 170 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

  • Қазақстан бұған дейін құқық қорғаушылардың халықаралық тергеу жүргізу туралы үндеуін қабылдамаған. Президент Тоқаев "оған қажеттілік жоқ, өзіміз тергей аламыз" деп жауап қатқан.




[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар