Ақтауда әлемге әйгілі актер Джеки Чан мен ресейлік танымал рэпер MiyaGI-дің кездесуі желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Alash.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда Джеки Чанның MiyaGI-дің әндерін қосылып айтып, орындаушымен бірге билеп, естелік суретке түскені байқалады.
Желі қолданушыларының ерекше назарын аударған жайт - Джеки Чанның MiyaGI шығармашылығымен жақсы таныс болуы. Актердің әндердің сөзін білетіні және оларды ерекше ықыласпен бірге орындағаны көпті таңғалдырды.
Бұл көрініс көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әлеуметтік желіде кеңінен талқылануда.
Айта кетейік, аталған кездесу Ақтауда түсіріліп жатқан ««Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілім тобы ұйымдастырған бейресми кеш барысында өткен. Кешке танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров және өзге де қонақтар қатысқан.