Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жағдайды түзету қажет. Кадрлық шешімдер қабылдауға тура келді”: Премьер-министр Олжас Бектенов ҚТЖ жұмысын сынға алды

11:37, 15 шілде 2026

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолындағы" жағдайдың әлі де күрделі екенін мәлімдеп, компанияны мәселені реттеуге шақырды, деп жазады Alash.kz.

KAZ.NUR.KZ хабарлауынша, Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" компаниясында өзгерістер қажет екенін мәлімдеді. Ол ҚТЖ жұмысында әлі де көптеген кемшілік бар екенін атап өтті.

"ҚТЖ"-ның жағдайы көңіл көншітпейді, көптеген кемшілік бар. Тіпті кадрлық шешімдер қабылдауға тура келді. Жағдайды түзету қажет, - деді премьер-министр.

Сондай-ақ ол көлік саласында теміржол транзиттік тасымал көлемін жылына 55 млн тоннаға дейін арттыруға тиіс бірқатар жоба жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

Осыған байланысты Бектенов Көлік министрлігіне "Қазақ темір жолы" компаниясымен бірлесіп, Дарбаза-Мақтаарал және Мойынты-Қызылжар теміржол желілерінің құрылысын, сондай-ақ теміржол станцияларын жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар