Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ыстамбұлда қаза тапқан қазақстандықтың ісі туралы тың ақпарат шықты

10:35, 15 шілде 2026

Қазақстан, Түркия және Грузияда халықаралық қылмыстық топқа қарсы арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қазақстан, Түркия және Грузияның құқық қорғау органдары трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатуға бағытталған халықаралық арнайы операция өткізді. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді. 

Ыстамбұлдағы қазақстандықтың өлімі істің басталуына себеп болды.

ІІМ мәліметінше, сәуір айында Ыстамбұлда Қазақстан азаматы Исмаилов атыс қаруынан қаза тапқан. Үш елдің құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде бұл қылмыс қысқа мерзімде ашылды.

Арнайы операция барысында кісі өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды. Тергеу барысында қылмыстың жасалу себебі анықталып, оны ұйымдастырды және тапсырыс берді деген күдіктілер де белгілі болған. ІІМ мәліметінше, олар трансұлттық қылмыстық ортаның өкілдері және халықаралық іздеуде жүр.

Тергеу кезінде алынған мәліметтердің арқасында ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағында осы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жасаған басқа да ауыр қылмыстарды ашқан.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық топты қазіргі таңда АҚШ-та журналист әйелді өлтіруге оқталу ісі бойынша жазасын өтеп жатқан криминалдық беделді тұлға басқарған.

Алматыда полиция қызметкерлері аталған топтың болжамды киллерлерінің бірін ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2025 жылдың тамыз айында Алматы тұрғынын өлтіруге оқталу дерегіне қатысы бар. Қылмыс құралы болған тапанша тәркіленді. Тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, күдіктілерді ұстау шаралары Қазақстан, Түркия және Грузия аумақтарында кезең-кезеңімен жүргізілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар