Елімізде Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңі ресми түрде аяқталып, Орталық сайлау комиссиясына жеті бірдей саяси партиядан жалпы саны 546 үміткердің құжаттары тапсырылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Үміткерлерді ұсынған саяси ұйымдар мен олардың кандидаттарының саны төмендегідей бөлінді:
«Әділет» саяси партиясы – 186 кандидат;
«Respublica» партиясы – 76 кандидат;
Қазақстан халық партиясы – 72 кандидат;
«Ауыл» партиясы – 69 кандидат;
«Ақ жол» демократиялық партиясы – 63 кандидат;
«Байтақ» жасылдар партиясы – 47 кандидат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 33 кандидат.
«Барлық партия ұсынған құжаттар кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді», — деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.