Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«14 жасар қызды аяусыз азаптап өлтірген»: Ақмола облысында 34 жастағы ер адамға үкім шықты

17:36, 14 шілде 2026

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 14 жасар жасөспірім қызды аяусыз өлтірген қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қанды оқиға өткен жылдың күз айында Целиноград ауданында орналасқан Ынтымақ ауылында орын алған болатын. Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, кәмелетке толмаған жәбірленуші қызға денесінің бірнеше жерінен пышақ сұғылып, ауыр жарақаттар салынған. Сол сәтте оқиғаның куәгері болған жандар қыз балаға алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген 34 жастағы ер адамды тәртіп сақшылары арада бір күн өткенде ауылдан ондаған шақырым қашықтықта жатқан далалық алқаптан ұстады.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірден төрт бабы бойынша айыпты деп танылды. Оның ішінде жас балаға қатысты жасалған немесе абайсызда жәбірленушінің қаза табуына әкеп соққан зорлау бабы (120-бап, 4-бөлік) және 16 жасқа толмағаны анық белгілі адаммен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау бабы (122-бап, 4-бөлік, 1-тармақ) бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар