Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бас бостандығынан айырылды»: Блогер Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты

15:38, 14 шілде 2026

Танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот шешімімен оған жаза мерзімінен бөлек, алдағы 5 жыл бойы әлеуметтік желілерде қандай да бір материалдар жариялауға ресми түрде тыйым салынды. Қазіргі уақытта шыққан сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұл Әділетхан Молдаханның бірінші рет сотты болуы емес. Ол бұған дейін, дәлірек айтқанда 2023 жылы тонау дерегі бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын алған болатын. Жаңадан жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты қарау барысында сот оның бұрынғы өтелмеген соттылығы бар екенін назарға алып, түпкілікті жазаны соған сәйкес тағайындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар