Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Наурыз бен Мейрамгүл қандай қызық көрді? Өмірлері аса қатігездікпен үзілді…» - Судья Зарема Хамидуллина (ВИДЕО)

22:57, 14 шілде 2026

Атыраудағы атышулы істі жүргізген Зарема Хамидуллина сот үкімі оқылымында тың мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Атырау соты бүгін қайын жұртын қырып тастаған күйеу бала Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты үкім шығарды. Кінәлі деп танылған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Істі жүргізген судья Зарема Хамидуллина үкімді оқып болған соң түсіндірме жүргізіп, соттың көзқарасын ашып айтты.

Сотталушының анасы сотта «Менің балам Сәрсемәлиев бұл өмірде ешқандай да қызық көрген жоқ» деп айтқан болатын. Алайда, Сот бұл жайтқа еріксіз тоқталады. Ал, Наурыз бен Мейрамгүл өмірде қандай қызық көрді? Осыны ойланып көрдіңіздер ме? Екеуі де өмірлерін мүгедектікпен өткізді. Екеуінің де өмірлері аса қатігездікпен үзілді. Олар енді өмірдің ешқандай қуанышын көрмейді. Барлық армандары да, болашағы да осы қылмыстық іспен тоқтады. Олардың ұрпақтары да қалған жоқ. Ол мәселені де өздеріңіз ойланып көріңіздер! Сотталушының анасының «Менің балам ешқандай қызық көрген жоқ. 5 баласын асырап, науқас әйеліне қараумен өтті» деген уәжін Сот сотталушының іс-әрекетін ақтайтын жайт деп танымайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар