Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сөмкеге салып,шанамен сүйреген: Ақтөбеде мәйітті қорлаған сотталушыға қатысты тың ақпарат шықты

11:10, 15 шілде 2026

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жантүршігерлік іске үкім шықты, деп хабарлайды ALASH.KZ.  Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Судья Жәнібек Сейітжапаров сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі “Қасақана қазаға ұшырату” бойынша кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды.

 Жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі деп көрсетілді.

“Тергеп-тексеру кезінде кінәсін ішінара мойындады. Толық мойындамады. Төбелесіп қалғанын, араларында кикілжің болғанын, жәбірленуші пышақпен ұмтылғанда қолын қайырғанда ішіне кіріп кеткенін айтты. Қалай өлтіріп алғаны есінде жоқ. Бірақ мәйіт үйінде екі тәуліктен аса жатқан. Ешкімге хабарламаған. Үйінде иіс шыққаннан кейін мәйіттен құтылуды ойланған. Әрі қарай қыста шана әкелген. Содан кейін мәйіттен құтылған, ізін жасырғысы келген. Ол 21-ақпан күні хабарлама жіберген. Масаң күйде болғаны дауысынан көрініп тұр. Оқиға болған жерде қарай мәйітті сөмкеге салып, үйінен сүйреп шығарғанын көрсетті. Бұл аса ауыр қылмыстық санатқа жатады. 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Масаң күйде жасағаны, жазаны ауырлататын, мойындағаны жеңілдететін мән-жай деп таныды”, – деді судья Сейтжапаров.

Сот моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық талап арызды қанағаттандырды. Жәбірленушінің туыстарына сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өндіру міндеттелді.  Сондай-ақ ол 1,2 млн теңге процестік шығын өндіруі тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар