Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот үкімін шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев өзінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға 2025 жылдың аяғында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған.
Сотта сарапталған іс-материалдары мен сот тыңдалымы нәтижесінде Судья Хамидуллина Сәрсемәлиевке «Өмір бойына бас бостандығынан айыру» жазасын кесті.
Сондай-ақ, Жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК, процестік шығындар ретінде 2 512 128 теңге, моральдық шығын ретінде 40 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Ал оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қозғалған қылмыстық іс толықтай тоқтатылды. Тергеу барысында оның өз ата-анасының, бауыры мен әпкесінің (қарындасының) өлімін әдейі жасырғаны туралы ешқандай айғақ табылмаған.