Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Конституцияда сайлауды өткізу күні”: Елімізде Президент сайлауы өтетін күнді өзгерту ұсынылды

18:00, 26 қаңтар 2026

Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда өткізіледі деп белгіленеді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Әділет министрі Конституцияның 41-бабына қандай өзгеріс ұсынылып отырғанын айтты.

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы Президенттің кезекті сайлауын тағайындау және өткізу тәртібін реттей отырып, жоғары мемлекеттік биліктің жаңарып отыруына қатысты конституциялық шеңберді белгілейді. Қолданыстағы редакциядағы Конституцияда сайлауды өткізу күні нақты бекітілген, яғни, желтоқсан айының бірінші жексенбісі деп көрсетілген. Мұндай норма әртүрлі, объективті мән-жайларды ескеруге мүмкіндік бермейді әрі өкілеттік мерзімінің аяқталуы мен сайлау күні арасындағы мерзімдік айырмашылықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты Конституцияның 41-бабында Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда өткізіледі деп көзделеді,-  деді Ерлан Сәрсембаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар