Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жуықта ашылады”: Шұғыл! Атырауда жоғалып кеткен отбасы жайлы жаңа дерек шықты

12:20, 26 қаңтар 2026

Атырау облысында жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист Жанат Молдашова елді алаңдатқан оқиғаға байланысты желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

"Кеше Атырау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы, генерал-майор Бекеев Оңал Ботайұлы жүздестік. Фото-видеосыз кездесу болсыншы деген соң көптің ұсынысына келісіп түсірмедім. Сызылып отыратын сәт емес. Өйткені ел үрейде отырғанда келген басшы. Мен Жангелдин трагедиясы бойынша көкейде түйінді ашып, айту үшін бардым. Басы-қасында жүргенде не көрдім? Нені түсіндім? Қазіргі көптің пікірі қандай? Осыны айттым. Аға буын әріптестер де қолдады. Мүмкін жаңа басшыға менің эмоциямен айтқаным ұнамаған болар. Бірақ айттым. Айтарым да көп еді, бірақ өзгелердің уақытына құрметпен қарадым. Көрісе салып, сын айту орынсыз дейтін болар. Бірақ бір «сүйкімсіз» мен-ақ болайын. Талай басшылар келіп кетіп жатыр. Елде қалатын біз. Дейтұрғанмен генерал Оңал Ботайұлы «Бұл қылмысты министрліктен бастап мықтап қолға алды. Күні-түні басты бақылауымызда. Жуықта ашылады” деп сендірді. “Елдің жаңа басшыдан естігісі келіп отырғаны да осы” дедім”,- деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар