Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Үш адамның денесі табылды”. Қайғылы жағдай: БҚО-да жеке тұрғын үйден өрт шықты

13:40, 26 қаңтар 2026

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

БҚО ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 25 қаңтар күні кешкісін Северная көшесінде болған.  

“Өрт сөндірушілер келіп жеткен мезгілде тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру барысында үй ішінен үш адамның денесі табылып, шығарылды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 14 адам, 3 техника жұмылдырылды. 90 шаршы метрді қамтыған өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде”, - делінген ресми хабарламада.  

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар