Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Нағыз жымқыру! Қаражатты орынсыз жұмсаудың қажеті жоқ” - Тоқаев цифрландыру жұмысын сынға алды

15:30, 26 қаңтар 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Президенттің айтуынша, құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай.

«Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бетімен дамытуда. Бұл шаруа жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істеуде. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ. Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырамын. Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар