Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каспийдегі трагедия: Олжас Бектенов Қорғаныс министрлігінде кемшіліктер анықталғанын айтты

15:31, 30 қазан 2026

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысында 14 әскери қызметшінің қаза табуына байланысты Қорғаныс министрлігінде жүргізілген тексеру барысында бірқатар елеулі кемшіліктердің анықталғанын хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.

Арнайы тексеру жұмыстарының нәтижесінде оқу-жаттығулар кезіндегі қауіп-қатерді бағалау, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бағыттарында олқылықтардың орын алғаны белгілі болды.

Осыған байланысты қазіргі уақытта әскери басқару жүйесін жетілдіруді көздейтін арнайы Әскери реформа жоспары әзірленді. Дегенмен сарбаздардың қаза табуына тікелей не себеп болғаны және лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі туралы мәселе әзірге нақтыланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар