Жеңіл салмақта додаға түскен 29 жастағы танзаниялық боксшы Хассан Мгайя нокаутпен жеңіліп, арада бірнеше күн өткен соң ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
27 желтоқсанда Танзания астанасы Дар-эс-Саламдағы «Дуния Ндого» кешенінде ол отандасы Пол Элиаспен жұдырықтасып, ауыр бірнеше соққыдан кейін құлаған болатын. Құлаған кезде Мгайя тілін жұтып қойған.
«Хассан Синзадағы палестиналық ауруханаға жеткізіліп, сонан соң Мвананьямаладағы ауруханаға ауыстырылды, ол өмірінің соңғы сәттерін сол жерде өткізді. WBC командасы және президент Маурисио Сулейман сүйікті чемпионымыздың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», — делінген WBC мәлімдемесінде.
Хассан Мгайя кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жеткен және төрт рет жеңілген. Қалған екі жекпе-жегінде тең нәтиже тіркелген.