Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кәсіпкер әйел Kaspi-дің миға қонымсыз салығын айтып, ашуға булықты (ВИДЕО)

14:30, 18 желтоқсан 2024 590

Әлеуметтік желіде Каспи банкіне шүйліккен тұрғынның ашулы видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Инстаграм әлеуметтік желісінде түрлі пабликтерге тараған видеода әйел өзінің кәсібі бар екенін алға тартады.

“Тыңдаңыздаршы, мен шын айтсам, Каспи банкке қатты ашулымын. Кәсіпкер ретінде менің ашу-ызамда шек жоқ. Бұл не деген комиссия? Бұл не деген пайыздар? Бізге қалай жұмыс істеу керек сонда? Түсіндіріп беріңіздерші, Каспи банк. Бұл не деген комиссия? Сонда менің сатушыларым жай ғана қайырымдылықпен айналысуы керек пе? Егер біздің сатылымдарымыздан осындай үлкен сома алынатын болса”,- деді ол сөзін бастап.

Ол өз сөзінде сатылымнан көа пайда көрмейтінін де алға тартты.

Мысалы, менің сатушым сатылым жасайды, иә? 200 мыңнан астам, шамамен 260 мың теңге. Соның ішінде 42 мың теңге комиссия ретінде алынып отыр. Бұл не деген сұмдық? Мен түсінбеймін, бұл не деген тонау? Сонда Каспиге ақшаны жайдан-жай бере берейік пе?. Шоттарына салып қойып, жұмыс істемей-ақ қояйық.

Неге жұмыс істейміз? Неге бірдеңе істеуіміз керек? Мен түсінбеймін, бұл не деген үлкен алаяқтық?”,- деді әйел.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар