Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каникулде балаларыңызға интернеттен қандай қауіп бар?

17:48, 02 маусым 2024 587

Жазғы демалыс кезінде интернеттің балалар үшін қаупі артуы мүмкін. Осы орайда, полиция ата-аналарға бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оң-солын дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдердің киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырау қаупі басым. Кәмелетке толмаған балалар әртүрлі сайтқа кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі, дейді polisia.kz.

Балалар бөтен адамның ықпалына тез беріліп, өзінің «жаңа досына» банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздері, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін. Сонымен қатар, күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар.

Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

  • Баланың мінез-құлқы мен жаңа қызығушылықтарына назар аударыңыз;
  • Егер бала интернетте алған тапсырмаларды өмірде орындаса, оған тез арада назар аударыңыз;
  • Мазмұны кәмелетке толмағандарға теріс әсер етуі мүмкін ресурстарға шектеу қойыңыз;
  • Балаға жеке ақпаратты жарияламау керектігін үйретіңіз;
  • Әлеуметтік желілерде балаңыздың қандай топтар мен қауымдастықтарға жазылғанын қадағалаңыз;
  • Балаға бөтен адаммен сөйлесудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;
  • Ықтимал қауіп анықталған жағдайда дереу құқық қорғаушыларға хабарлаңыз.

Сот есірткі заттарын таратқан 8 интернет-ресурсты жапты. Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды – ІІМ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар