Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Канн кинофестивалі қазақстандық Saltanat Diamond Gallery әшекейлеріне тәнті болды

10:16, 21 мамыр 2025 138

Лазур жағалауында өтіп жатқан 78-ші Канн кинофестивалінде жұлдыздар мен қонақтардың нәзік образдары арасында Қазақстанда жасалған әшекейлер де көзге түсуде. Бұл аксессуарлар фестивальдің кейбір қонақтарының образдарына арқау болды. Олар танымал актрисалар мен инфлюэнсерлердің киім үлгілеріне ерекше сән беріп, одан әрі әдемі етті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Британдық актриса Ханна Уэддингем, көрерменге «Тед Лассо» мен «Мұрагерлер» сериалдары арқылы танымал, «Миссия: мүмкін емес. Соңғы есеп айырысу» фильміне арналған премьерада қазақстандық шеберлер жасаған Saltanat Diamond Gallery брендінің әшекей жиынтығымен бой көрсетті.

Оның образына сырға, сақина, білезік және алқа енді. Бұл әшекейлер тек көрерменнің ғана емес, сән басылымдарының да назарын аударды — атап айтқанда, ол Vanity Fair Italia таңдаулы образына енді және халықаралық баспасөзден жоғары баға алды.

Бұған дейін актриса фотоколл кезінде де аталмыш брендтің сырғалары, сақинасы мен білезігін гүлді кестесі бар көйлекпен үйлестіріп киген болатын.

Фестивальге Қазақстанда жасалған әшекейлерді таңдаған қонақтардың қатарында кәсіпкер, инфлюэнсер Фархана Боди де болды.

Бодидің Atelier Zuhra брендінің сәнді ансамблімен үйлескен зергерлік бұйымдары оның образын айрықша етті.

Кейінірек Фархана Боди осы әшекейлер жиынтығымен Vanity Fair ресми қабылдауына да қатысты.

Оның қызыл кілемдегі бейнесі көптеген пікірлерге ие болып, сән басылымдарының топтамаларына енді.

Harper’s Bazaar Kazakhstan бұл образды 2025 жылғы Канн фестивалінің ең әсерлі образдарының бірі деп атады.

Қазақстандық брендтің әшекейлері «Қаршадай қыз» («Белоснежка») фильміне арналған халықаралық промо-турда да көзге түсті.

Испаниядағы іс-шаралар кезінде актриса Рэйчел Зеглер Elie Saab-тың көйлегімен және аталған зергерлік үйдің сақиналарымен толықтырылған образда бой көрсетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар