Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каан фестивальінде жеңіске жеткен танымал актриса рак ауруынан қаза тапты (ФОТО)

16:00, 17 наурыз 2025 702

Бельгиялық актриса Эмили Декенн 43 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.

2023 жылдың қазан айында танымал актриса бүйрек үсті безінің сирек кездесетін қатерлі ісігіне шалдыққанын мәлімдеген.

2024 жылдың көктемінде Эмили ауруының толық ремиссияға өткенін жариялады, алайда жылдың соңында дерті қайта асқынып, жағдайы нашарлаған.

Актрисамен қоштасу рәсімінің күні мен орны кейінірек хабарланады.

Эмили Декенн 1981 жылғы 29 тамызда Бельгияның Белей коммунасында дүниеге келген.

 17 жасында ол “Розетта” драмасында басты рөлді сомдап, нағыз жұлдызға айналды. Бұл фильм Канн кинофестивалінің “Алтын пальма бұтағын” иеленіп, ал Эмили ең үздік әйел рөлі үшін марапатқа лайық деп танылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар