Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүрсін Ерман менің жобамды ұрлап алды" - журналист (Видео)

11:23, 07 наурыз 2025 2380

"Жүрсін Ерман менің жобамды ұрлап алды" дейді, қоғам қайраткері-журналист Серік Ерғали.  

Бұл туралы ол "Қасқа жол" ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.KZ.

Серік Ерғалидың айтуынша, ол тікелей эфирде өтетін ақындар айтысын патенттеп алған екен, сонда да бір лауазымды адамдардың ықпалымен Жүрсін Ерман алып қойыпты.

 "Жүрсін Ерман менің жобамды ұрлап алды. Мен алдын ала оны патенттеп алғам. Ұрлап алғанда жағдай былай: "Мықтының арты дирмен тартады" деген. "Хабар" арнасы, оның артында кім тұрғанын білесіз. Жүкең емес, оның арғы жағында "Хабар" шешті. Жүкең барды, алды.

Айтыс десе, жұрттың бәрі Жүрсін Ерман деп ойлайды ғой. Бірақ оның артында қаншама әңгіме тұрғанын білмейсіздер. Бірақ сол кездегі айқай-шу газеттерге шығып кетті. "Серік Ерғалиев деген біреу айтысты жекешелендіріп алған екен", "Патенттеп алған екен" деген сияқты жазды. 

Сосын Жүкең айтысты эфирге шығарды, біраз сүйреп көрді. Бірақ алып кете алған жоқ. Өйткені тікелей эфир ғой. Тікелей эфир айтыс үшін қауіпті. Ол кезде Ринат Зайытов сияқты мықты жігіттер көп болатын" дейді қоғам қайраткері.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар