Қайрат Боранбаев ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына қайта сайланды, деп хабарлайды Alash.kz.
21 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясының XXXI сайлау конференциясы өтті.
“Конференция қорытындысы бойынша «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Боранбаев Қайрат Советайұлы ҚФФ Атқарушы комитетінің алдағы төрт жылға арналған жаңа құрамына қайта сайланды.
Қайрат Советайұлына Қазақстан футболын дамыту жолындағы жұмысына табыс тілейміз!”,- делінген футбол клубы таратқан ресми хабарламада.