Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қыздарды жезөкшелікке тартқан»: Астанада 2 жыл бойы притон ұстаған апалы-сіңлілі ұсталды (ВИДЕО)

09:49, 22 қыркүйек 2026

Астана қаласының прокуратурасы 2 жыл бойы притон ұйымдастырып, жас қыздарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Қадағалаушы органның мәліметінше, аталған ауыр қылмыстық іс бойынша сұмдық жайттардың беті ашылып, жалпы 15 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Притонды ұйымдастырған екі апалы-сіңлілі әйел болып шықты. Бұл заңсыз бизнеске олардың күйеулері де толыққанды мүше ретінде қатысқан.

«Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде екі апалы-сіңлілі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырғаны анықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген», — деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Топ мүшелері елордадағы түнгі клубтарды аралап, жас қыздарға жоғары табыс, баспана және қауіпсіздік береміз деп алдап-арбаған. Сонымен қатар олар жезөкшелер қызметін жалға алған ер адамдардың мас күйін пайдаланып, күш қолдану арқылы ақша бопсалаумен де айналысқан.

«Олар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс ұсынған. Тұратын үй мен күзет береміз деген. Ал жезөкшелерді жалға алған ер адамдардың мас екенін пайдаланып, оларға күш қолданып, ақша бопсалаған. Қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталып, тергеу сотқа өтті. Оларға қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар