Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Экс депутат Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды

19:51, 21 қыркүйек 2026

Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Alash.KZ

Бұрынғы Мәжіліс депутаты, журналист Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Толықбай жаңа қызметінде Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелермен айналысып, өңірдің өзекті проблемаларын шешуге атсалысады.

«Бізден бір жаңалық. Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Экс-мәжілісмен енді өңірімізді дамытуға өз үлесін қосады. Депутат кезінен Алматы облысына қатысты мәселелерді жиі көтеріп, бұл бағытта белсенді жұмыс істеді», – деп жазды Диас Нұрақын.

Баспасөз хатшысы жаңа тағайындауды өзінің бұрынғы әріптесімен байланыстыра отырып, Мақсат Толықбаймен кезінде телеарнада бірге еңбек еткенін де атап өтті.

«Бұрын микрофон құшақтап, телеарнада талай жыл әріптес болып едік. Енді әкімдіктің отымен кіріп, күлімен шығамыз», – деп әзілдеді ол.

Диас Нұрақын жаңа қызметінде Мақсат Толықбайға сәттілік тілеп, Алматы облысындағы жұмысының нәтижелі әрі абыройлы болуына ниет білдірді.

Мақсат Толықбай бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде қызмет атқарған. Депутаттық кезеңінде Алматы облысына қатысты бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар