Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кадрлық ауыс-түйіс: Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

16:18, 22 қыркүйек 2026

Талғат Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың 2026 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Талғат Аманбайұлы Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды», – делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Талғат Ерсейітов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2023 жылдың қараша айынан бастап Астрахан ауданының әкімі қызметін атқарды.

Еңбек жолын жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде Астрахан ауданында бастады. 2009–2012 жылдары аудан әкімінің орынбасары, 2012–2017 жылдары Астрахан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2017–2019 жылдары Есіл ауданының әкімі, 2019–2023 жылдары Бұланды ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар