Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балық жеген" - Маңғыстауда бір отбасының 4 адамы жансақтау бөлімінде жатыр

20:08, 21 қыркүйек 2026

Бір отбасының 4 адамы ысталған балық жеген соң жансақтау бөліміне түсті. Оқиға Маңғыстау облысында болған, деп жазады Alash.KZ.

Үш ересек адам мен 9 жастағы бала ботулизм белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Қазір төртеуі де ауыр жағдайда. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Мәліметке сәйкес, олар 17 қыркүйекте отбасылық басқосуда үй жағдайында дайындалған салқын ысталған балық жеген. Балық тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталған.

Науқастарда әлсіздік, бас айналу, жұтыну мен көрудің қиындауы, көздің бұлдырауы және заттардың қосарланып көрінуі сияқты белгілер байқалған. Дәрігерлер оларға ботулизмге қарсы арнайы сарысу салған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар