Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«45 мың доллар»: 14 жастағы ұлын сатпақ болған ерлі-зайыптының әрекеті елді шошытты

«45 мың доллар»: 14 жастағы ұлын сатпақ болған ерлі-зайыптының әрекеті елді шошытты

Өзбекстанның Қашқадария облысында 14 жасар баланы 45 мың долларға сатпақ болған ерлі-зайыпты сотталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

1988 жылы туған әйел екінші күйеуімен келісіп, өзінің бірінші некесінен туған жасөспірімді сатуды жоспарлаған. Олар бұл қадамға қаржылық дағдарыстан шығып, қордаланған қарыздарын жабу үшін барғандарын және басқа амал таппағандарын айтты. Сот процесі кезінде 14 жастағы жасөспірімнің өзі бұл жайтты білгенін және ата-анасына қаржылық қиындықтарды шешуге көмектескісі келгендіктен, өзін сатуға қарсы болмағанын жеткізді. Сонымен қатар ол өзін сатпақ болғандарға ешқандай өкпе-талабы жоғын хабарлады.

Сот шешімімен ерлі-зайыптылар үш жылға сотталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар