Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан 44 жасқа толған жеке мерекесінде Instagram парақшасында видео-жазба жариялап, жас ерекшелігі мен өмірлік философиясы туралы ой өрбітті, деп хабарлайды Alash.kz.
Пікірінше, нағыз жастық шақ беттегі әжімдердің жоқтығымен өлшенбейді. Ол жастықты ертеңгі күнге деген зор қызығушылықпен, сүюге, шығармашылықпен айналысуға, білім алуға және армандауға деген құштарлықпен тығыз байланыстырды.
«Студент кезде 40-қа келгендер көз алдыма қарт сияқты көрінетін.
Бүгін міне, өзім 44-ке толдым.Таңертең 7:50-де ояндым да, өзімді тура 20 жасымдағыдай сезіндім.Басым ауырмайды.Арқам сықырламайды.Жан дүниемде от лаулап тұр.
Жастық шақ беттегі әжімнің жоқтығымен өлшенбейді.Жастық шақ — бұл ертең не болатынына әлі де қызығушылығыңның сөнбеуі.Сүйгің келгенде!Жасампаз болғың келгенде!Жаратуға, шығармашылыққа ұмтылғанда!Оқып-үйренгің келгенде!Армандағанда!Және таңертең «алдымда әлі қаншама асулар күтіп тұр» деген сезіммен оянғанда!
Өзімді әлі де жас сезінуімнің тағы бір себебі — жанымда ата-анамыздың болуы деп ойлаймын.Атамыз аман.Мен немеремін.Мен перзентпін.Сүйікті әрі сүйетін жармын.Анамын.Келінмін және енемін.
Бақытты болу үшін маған не керек — бәрі бар.Отбасым.Ет жақындарым.Достарым.Бауырларым.Ұжымым.DS community қауымдастығым.Оқырмандарым.Тіпті мүлде танымайтын адамдар да.
Және де әр кез іштей ойлаймын: өзіңмен көрінбейтін тығыз байланысы бар адамдардың арасында өмір сүру — қандай үлкен бақыт.
Жасым ұлғайған сайын мынаны тереңірек түсініп келемін: өз еліңде, Қазақстанда өмір сүру — бұл тек бақыт пен мәртебе емес.Бұл — үлкен жауапкершілік.
Мен Қазақстанның барлық салада: экономикада, ғылымда, IT, бизнесте, геополитикада барынша қуатты болғанын қалаймын!Біздің потенциалымыз өте зор.
Және де осы жолда өзімнің қолымнан келетін істі жасағым келеді.Жаңа жұмыс орындарын ашу.Маңызды дүниелерді тілге тиек ету.Қолдау білдіру», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары тележүргізушіні туған күнімен жарыса құттықтап, оның жас көрінетін келбетіне, сұлулығы мен өмірге деген құштарлығына сусындап, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.