Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жұмыртқа бағасы төмендейді". Қазақстанға тауық жұмытқасын әкелуге тыйым салынды

16:16, 28 сәуір 2024 482

Елімізге тауық жұмыртқаларын сырттан әкелуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлады alash.kz сайты ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеп.

Шектеу Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағына автокөлікпен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен ел аумағына автокөлікпен үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге 6 ай мерзімге қойылған.

Еске сала кетсек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан оған мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.

Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіліп отыр.

Осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады. Нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толық өтеледі. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құнынан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді. Сондай-ақ осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады. Бұл ретте технологиялық ерекшеліктерге байланысты, жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды. Бірақ бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына әкеп соғады, - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты, отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда көктемгі-жазғы кезеңге автокөлікпен тауық жұмыртқаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу шараларын белгілеудің орындылығы мақұлданған болатын.

Бұйрық 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар