Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату»: Трамптың өкілі үшжақты келіссөздердің алғашқы нәтижесі туралы айтты

12:48, 11 қараша 2026

10 қарашада Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина делегацияларының қатысуымен үшжақты келіссөздер басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Төрт сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуге қатысты пікір білдірген АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер келіссөздердің сындарлы өткенін атап өтті.

Оның айтуынша, алғашқы талқылаулар америкалық тарапқа жігер беріп, алдағы нәтижелерге деген сенімін арттырған.

«Бүгінгі сындарлы келіссөздер бізге жігер берді. Президент Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша біз осы жойқын соғысты тоқтату және Украинаның егемендігін, қауіпсіздігі мен өркендеуін, сондай-ақ Еуропада ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз етуге қажетті қауіпсіздік жөніндегі келісімдерді әзірлеу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», – деп жазды Кушнер.

Айта кетейік, бүгін сәрсенбі күні Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина өкілдері арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар