Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бейбітшілікке қол жеткізуге дайын»: Зеленский Стуббпен Абу-Дабидегі келіссөзді талқылады

16:19, 10 қараша 2026

Украина президенті Владимир Зеленский Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесіп, Абу-Дабиде өтіп жатқан үшжақты келіссөздердің барысын талқылады, деп хабарлайды Alash.kz.

Зеленскийдің айтуынша, қазіргі уақытта Абу-Дабиде үшжақты форматтағы келіссөздер басталған. 

«Финляндия президенті Александр Стуббпен сөйлестім. Қазір Абу-Дабиде үшжақты форматтағы келіссөздер басталды. Сонымен қатар еуропалық серіктестермен кездесу де өтті. Алдағы күндері келіссөздердің нақты нәтижеге жетуі үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Украина мен оның серіктестері шиеленісті бәсеңдету, тиімді қауіпсіздік кепілдіктерін әзірлеу және нақты бейбітшілікке қол жеткізу жолында мазмұнды жұмыс жүргізуге дайын. Ресей тарапының да осындай ұстанымда болуы маңызды», – деп жазды Зеленский.

Сондай-ақ ол Финляндия президентімен алдағы уақытта да өзара іс-қимылды үйлестіріп отыруға келіскенін атап өтті. Зеленский бүгін Украина делегациясы мен серіктестерінен Ресей өкілдерімен өткен келіссөздердің жай-жапсары туралы толық ақпарат күтетінін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар