Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Екеуі – екі бөлек махаббат. Өзімді қорғаудан шаршадым»: Дариға Бадықова сырын ақтарды (ВИДЕО)

10:18, 11 қараша 2026

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алғашқы күйеуімен ажырасу себептері туралы ағынан жарылып, журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында ішкі сырын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі сахнадағы табыс пен көрерменнің ықыласы жеке өмірдегі қамқорлықтың орнын толтыра алмайтынын атап өтті:

«Мен өнеріммен ғана ерекшемін. Ал өмірде мен де қарапайым адаммын. Менің де жүрегім бар. Мен де көп нәрсені шеше алмаймын, қиындықтар болады. Иә, маған жылулық жетіспеді», — деп ағынан жарылды актриса.

Сонымен қатар Дариға Бадықова отбасындағы қарым-қатынаста өзін үнемі қорғап жүруден шаршағанын және сыртқы махаббат пен үйдегі жылулықтың айырмашылығын жеткізді:

«Халықтың махаббатына бөлену бір бөлек, ал сенің жеке өмірің бар ғой. Екеуі – екі бөлек махаббат. Мен жылулық, қамқорлық, қорғаныс іздедім. Өзімді қорғап жүруден шаршадым. Бірақ қорғанып жүрсем де, маған оқ тиетінін түсіндім», — деді Дариға Бадықова.

Актрисаның бұл сұхбаты әлеуметтік желі қолданушыларының арасында үлкен резонанс тудырды. Желідегі оқырмандар өнер иесінің ашықтығына ризашылығын білдіріп, жылы лебіздері мен қолдау сөздерін жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар