Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әнші Мейрамбек Бесбаевтың 50 жылдық мерейтойына не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Мейрамбек Бесбаев мерейтойға шақыруды оған бір күн бұрын ғана жеткізген. Ал әншінің бұған дейін бірнеше ай бұрын келісіп қойған тойлары болған. Сол себепті алдын ала жоспарланған іс-шараларға қатысуды жөн көрген.
"Көбі "Неге Мейрамбектің тойында болмадыңыз?" деп жазып жатыр. Біріншіден, Мейрамбек маған кеш айтты. Екіншіден, мен бір-екі ай бұрын алып қойған тойларым бар. Бармасам ол кісілер ренжиді ғой. Сондықтан мен жұмысымды атқардым. Содан кеш болып кетті. Мейрамбекжан, 100-ден асып кет. Берерің көп болсын. Отбасың аман болсын. Амандықта тойлатып жүре беріңіздер", - деді Мақпал Жүнісова.