Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қарамағындағы қызметкерін пышақтады»: Оралда полиция бөлімі басшысының орынбасары қамауға алынды

17:26, 10 қараша 2026

Орал қаласында Абай полиция бөлімі бастығының орынбасары Дамир Ислямғалиев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Umarovnews.kz ақпаратына сүйенсек, Полиция Майоры қарамағындағы қызметкермен бірге ішімдік ішіп отырып, оның ішіне пышақ сұқты деген күдікке ілігіп отыр. Оқиғадан кейін Ислямғалиев дереу ұсталып, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері қылмыстық іс тіркеді. Ал алған жарақаты салдарынан зардап шеккен полицей ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайтқа байланысты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Сонымен қатар редакцияға зардап шеккен полиция қызметкерінің Ислямғалиевке ешқандай талап-шағымы жоқ екенін айтып, денесін байқаусызда өзі кесіп алғаны туралы жауап бергені жөнінде де ақпарат түсуде.

Айта кетейік, Абай полиция бөлімінің ғимаратындағы басшылық құрам жазылған ақпараттық стендте Дамир Ислямғалиев әлі де бөлім бастығының орынбасары лауазымында көрсетіліп тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар