Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кінәлі!»: Жас спортшыны соққыға жыққан волейбол жаттықтырушысы сотталды

10:28, 11 қараша 2026

Батыс Қазақстан облысында волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрып-соққаны үшін сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжайық ауданының №2 сот залында кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Оқиғаға жасөспірімнің кезекті жарысқа қатысудан бас тартуы себеп болған. Бапкер оқушысынан алдағы бәйгеге баратынын-бармайтынын сұраған кезде, ол жарысқа қатыспайтынын айтқан. Бұл жауапқа ашуланған жаттықтырушы ашуға бой алдырып, шәкіртінің бетінен екі рет ұрып, кейін кеуде тұсынан аяқпен тепкен. Соққыдан шегініп кеткен жасөспірім басын бөлменің қабырғасына соғып алды.

Оқиғадан соң бала денесінің ауырсынуына байланысты ата-анасына айтып, медициналық көмекке жүгінген.

Сот жиналған дәлелдемелерді қарастыра келе, жаттықтырушының кінәсін толық дәлелдеді. Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, сот оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар