Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Гинеколог тексеру керек. Жасанды...»: Меруерт Түсіпбаева қызының ернінен сүйген ер адамға шүйлікті

17:15, 10 қараша 2026

Өскемен қаласында 12 жасар қызын ернінен сүйген әкенің әрекеті қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осы жайтқа байланысты пікір білдірген әйгілі әнші Меруерт Түсіпбаева бұл оқиғаға бейжай қарай алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазып, видеодағы ананың қылығы мен күлкісінен күдік тапқанын ашық жеткізді:

«Құрметті оқырманым, демалыста едім. Желіден демаламын деп сөз бергенмін. Бірақ, ұстаз ретінде, ана ретінде, қоғам қайраткері ретінде беймарал жата алмадым. Шыны керек, мынау кісінің әйелі, яғни қыздың анасы өзі түсірген видео тарап кеткен. Бұл арнайы көмек керек дабылы емес пе екен?! Ананың жан айқайы емес пе екен бұл?», — деп сөзін бастады ол.

Сондай-ақ әнші ата-аның түсіндіру видеосындағы әрекеттерге тоқталып, ананың күлкісі мен ер адамның ақталуында шындыққа жанаспайтын тұрпаттар барын атап өтті:

«Өйткені, профайлер болмасам да, қыздың анасының күлкісі, ақталғаны барлығы жасанды көрінді маған. Кеше жұбайы екеуі отырып түсірген видеода еркек ақталып отыр, ал әйел күліп отырған сыңай танытып отыр ғой, сол жерде. Түрінде бір мысқыл күлкі аңғардым. Жасөспірім қыз өсіріп отырған аналар жауап беріңіздерші? Бұл отбасындағы оқиға сіздерге әсер етті ме? Осы қыз бала бұл еркектің туған қызы ма өгей ме екен?», — деп қоғамға сұрақ тастады әнші.

Бұдан бөлек, өнер иесі жасөспірімнің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін құзырлы орындар мен мамандардың араласуы қажеттігін қадап айтты:

«Президентіміз де айтты ғой, (сүйісу туралы) негізі. Ересек адамның сілекейі арқылы миллион инфекция тарайды ғой. Бәлкім қыз баланы гинеколог мамандар тексеруі қажет болар. Ал анасына — психолог / профайлер керек-ау», — деп түйіндеді сөзін Меруерт Түсіпбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар