Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«3000-нан астам адам ұсталған»: ҰҚК Шекара қызметі бір айдың қорытындысын айтты

16:43, 10 қараша 2026

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазан айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өткен бір ай көлемінде ел шекарасын бұзған 3 318 құқық бұзушы ұсталған. Олардың ішінде шетел азаматтарының үлесі басым болып, бұл санатқа 2 791 адам кірді.

Сонымен қатар шекара арқылы түрлі тауарлар мен жүктерді заңсыз жолмен өткізуге қатысты 1 267 дерек тіркелді. Тәркіленген заңсыз жүктердің жалпы құны 2,1 миллиард теңгеден асады.

Бұдан бөлек, Каспий теңізі аймағында браконьерлік әрекеттердің 119 дерегінің жолы кесілді. Заңсыз балық аулау кезінде жалпы салмағы 933 келі болатын бекіре тұқымдас 187 балық тәркіленді. Сондай-ақ браконьерлер қолданған 88 шақырым ау өндіріліп алынды. Келтірілген алдын ала экологиялық шығын көлемі 413 миллион теңгеден асып жығылды.

Есепті кезеңде барлығы 47 қылмыстық іс қозғалды. Ал әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құқық бұзушыларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 35 миллион теңгеден асты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар