Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бүгін Атырау қаласы әкімінің өкімімен Айдулат Жанатұлы Кенжебеков қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Айдулат Кенжебеков 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2008 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып бастаған. 2008–2010 жылдары осы басқарманың жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы, 2010–2011 жылдары бөлім бастығы, 2011–2019 жылдары басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019–2022 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болды. 2022 жылғы желтоқсаннан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Қала әкімі Данияр Таханов жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тілеп, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді шешу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды, – делінген әкімдік хабарламасында.