Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрамы жаңа судьямен толығып, тиісті кадрлық шешім қабылданды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебай қол қойған ресми қаулыда айтылған:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 10) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Асан Қайроллаұлы Ескендіров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы лауазымына сайлансын», — делінген құжат мәтінінде.