Астаналық әйел Бишімбаевтың туыстарынан алдау арқылы 100 миллион теңге алып кеткен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.
Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.
Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
"Жазасын жеңілдетемін": Бишімбаевтың туыстары алданып қалды
«Әлемдік рекорд!». Қуанышты хабар: 15 жасар Нұржан Жұмабай әлем чемпионы атанды
13:03, 11 шілде 2026
Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады
21:38, 10 шілде 2026
«Қазақстанға шақырды»: Мемлекет басшысы АҚШ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
20:38, 10 шілде 2026
Қайғылы хабар: Алматы тоғайында үстіне ағаш құлаған 19 жасар Селина қайтыс болды
19:38, 10 шілде 2026
«Әскери қызметтегі сарбазды ұрып-соққан»: Ақтөбеде сержантқа қатысты сот үкімі шықты
15:24, 10 шілде 2026
«Айттық. Орындадық. Заңды түрде!»: Асхат Аймағамбетов маңызды жаңалықты жария етті
11:57, 10 шілде 2026