Жаңа жыл кезінде 63 адамның пиротехникадан зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Зардап шеккен 63 адамның 20-сы бала.
Оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық емдеуде.
Атап айтқанда, Алматы қаласында - 19 адам, Жамбыл облысында - 11 адам, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6 адам, Ақтөбе облысында-2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.
Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдірқабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдап жатыр.
Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.