Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қаражаттарыңыз қайтарылады”: Оқу-ағарту министрі педагогтерді аттестаттау жайлы маңызды мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

15:46, 12 сәуір 2026

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова аттестация жүйесіне енгізіліп жатқан өзгеістерге тоқталып, ұстаздардан келген сұрақтарға жауап берді, деп жазады Alash.kz.

“Бірінші, биыл аттестацияға қатысқан барлық педагогтардың құқығы толық сақталады. Яғни, бүгінге дейін "ОЗП" тестін тапсырған, портфолиосын жүктеген барлық педагогтар жалпы аттестация процесін толық аяқтайды. 

Тесттен өткен, "ОЗП" тапсырған, бірақ портфолиосын жүктеп үлгермегендерге біз қосымша мүмкіндік қарастыратын боламыз. Сіздерге нақты уақыт ашылады. Сіздер өз портфолиоларыңызды жүктеп, өтініштеріңізді беріп, осы аттестацияның рәсімін толық аяқтайтын боласыздар. 

Биыл негізі "ОЗП" тестін тапсырып, шекті балын жинай алмаған, барлық тіркеуден қайта өтіп, сәуір айында екінші, ақылы негізді өздері тест күтіп отырған ұстаздар, сіздерге төлеген қаражаттарыңыз қайтарылады. Қазіргі категорияларыңыз сақталады. Сіздер жаңа аттестация кезеңіне, яғни 2027 жылғы қаңтар айына дейін өз категорияларыңызды сақтайсыздар. 

Қаңтар айында жаңа ережелер енгізілетін болады. Сол жаңа қағидаттармен бірге жаңа аттестация процесін бастайтын боласыздар", деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар