Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұл-қыздарын да іздеп барған»: Атыраудағы трагедия жайлы тың дерек шықты

14:25, 12 сәуір 2026

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер жария болды, деп жазады Alash.kz. 

Журналист Жанат Жақсыбайқызы желідегі парақшасында күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиева жайлы жаңа мәліметтерді жариялады.

“Оқырмандардан «Ақбаянды туыстары көрді ме екен? Ол туралы не айтады?» деген жазбалар көп келеді. Жоқ, туыстары онымен жүздесе алмаған. Тергеу істеріне қатысты құзырлы органдар рұқсат бермеген. Сонымен қатар қаралы отбасының туыстары Ақбаянның балалар үйіндегі ұл-қыздарын да іздеп барған. Бірақ заңдылықтарға сай көрісуге мүмкіндік болмапты. Қазір Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы жүйке ауруларын ғылыми зерттеу орталығында. 

«Неге айтылмай кетті?» деп сұрай беретіндер де бар. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Ендігі ақпараттар сот процесінде айтылады”,- деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар