Семей қаласында полиция қызметкерлері Засадко көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында қайыр сұрап отырған 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол жолда өткен жұрттың аяушылығын тудыру үшін инсульт салдарын бастан өткендей кейіп танытқан.
Алайда оның денсаулығында ешқандай ақау жоқ екені әлеуметтік желілер арқылы әшкере болды. Белгілі бір белсенді бұл азаматқа материалдық көмек көрсеткенін жазып, ал пікір қалдырған қолданушылар оның мүгедектігі жоқ екенін хабарлаған.
“Аталған дерек бойынша ер адам қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен оған бес тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды. Қазіргі уақытта ол Семей қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау мекемесінде жазасын өтеп, босатылды”, — деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.
Ер адам өз әрекеті үшін кешірім сұрап, мұндайға ақша табар жер таппағандықтан барғанын айтқан
.