Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ІІМ Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтары көбейгенін айтты

08:10, 13 сәуір 2022 301
[ad_1]



Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда уақытша тұруға өтініш түсіргендер көбейген. Бұл жөнінде 13 сәуірде ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев хабарлады.

"Уақытша тұруға өтініш білдіргендердің саны өсіп келе жатыр. Былтыр бір тоқсанда 350-400 адам өтініш білдірсе, қазір мыңнан асып кетті. Ресейден келген 1055 адам Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат сұрап жатыр" деді Қожаев мәжіліс отырысы кезінде.

Бірақ ол Украинадағы соғысқа байланысты Ресей мен Украинадан Қазақстанға көп адам көшіп келе жатыр деген ақпаратты растамады.

– 24 ақпан мен 11 сәуір аралығында 130 мың Ресей азаматы елімізге кірген, 120 мыңнан астамы шығып кеткен. 2021 жылмен салыстырғанда бұл сан екі есе көп. Бірақ 2020, 2021 жылдары бізде пандемияға байланысты шекара жабылған болатын. Ал оның алдындағы жылдармен салыстырсақ, бұл көрсеткіш үш есеге аз. Себебі ол жылдары бізде бір тоқсанда 350-360 мың адам кіріп-шығып тұрған. Қазір Украинаның 3481 азаматы елімізде жүр. Ресейдің 170 азаматы, Украинаның 7 азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірді, – деді Қожаев.

"Қазақстанға келгендер арасында саяси баспана сұрағандары бар ма?" деген сұраққа Қожаев "жоқ" деп жауап берді.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары Украинадағы соғыс пен соның салдарынан туындаған Ресейге қарсы санкциялардан кейін ресейліктердің көрші елдерге, оның ішінде Қазақстанға да көшіп жатқаны туралы ақпарат таратқан. Кейбір мәліметке қарағанда, соның салдарынан елдегі ең ірі қалалар Алматы мен Нұр-Сұлтанда пәтер жалдау құны қымбаттаған.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар