Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Хиджабтағы қыздар ТикТок-та жыныстық қатынасқа түсуді айтып, үйретіп отыр" - желі белсендісі

12:12, 18 қаңтар 2025 890

Әлеуметтік желіде белсенді Сабыржан есімді асаба жігіт хиджаб киіп алып, жыныстық қатынас туралы әңгіме айтатын қыз-келіншектерді сынап тастады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Оның пайымдауынша, орамал тағып алып мұндай тақырыпта әңгіме айту – әбестік.

«ТикТок пен Инстаграмға кіріп қалсаң,  секс туралы үйретіп, ақыл айтып отыратын хиджабтағы қыздар — ең қауіпті қыздар. Шариғатта «қатын шығып ақыл айтсын» деген нәрсе жоқ. Мықты болсаң, сіңліңе айт, қызыңа айт. Егер коучтар «Күйеуіңе бағынба, ата-енеңе қызмет қылма» деп жатса, олар Құдаймен «прямой» соғысып жатқандар. Ал тарихта Алламен соғысқан қауым жер бетінен жоқ боп кеткен», - деді ол желіде тараған видеода.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар