Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Франциядағы Олимпиада ойындарында терракт жасамақшы болды деген секеммен ресейлік ұсталды

16:18, 01 маусым 2024 514
Франция мемлекетінің қауіпсіздік қызметі жазғы Олимпиада ойындары кезіндегі футбол матчының шырқын бұзып, терракт жасамақшы болды деген күдікпен 18 жастағы шешен жігітін қамауға алды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

DGSI ішкі барлау қызметі терракт жасайды деген күдікке ілінген ресейлік азаматты Францияның оңтүстік-шығысындағы Сент-Этьен қаласында тұтқындады. Бұл жайлы мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлады. Франция жағы бұл оқиғаға түсінік беріп,мұны  "Олимпиадаға қарсы шабуылдың алғаш рет алдын алдық" деп атады.

Халықаралық БАҚ Францияның Париж ойындарына жоғары дәрежеде дайындалып жатқанын, атап айтқанда, шабуылдарға қарсы күресуге бел шешіп, білек сыбана кіріскенін жазады. Себебі спорт ойындарына, шамамен, 10 миллион көрермен мен 10 000 спортшы келеді деп күтіледі. 

Спорттық додалар, негізінен, ел астанасы Парижде өтеді деп жоспарланған. Десе де, Францияның басқа қалаларында кейбір спорттық және жеке ойындарды да өткізу қарастырылған.

Министрлік Guardian газетіне берген түсініктемесінде қамауға алынған адамға "Жоффруа-Гишар" футбол матчы кезінде шабуыл жасауға белсенді дайындалған деп күдік келтірілетінін айтты. Ол көрермендерге шабуыл жасап, содан соң "шейіт болып өлуді" көздеген көрінеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар