Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлі-зайыпты қатты жанжалдасып, артынша ер адам 4 жастағы баланың басын шауып тастады

09:41, 24 желтоқсан 2024 1380

Америка Құрама Штаттарының Калифорния штатында ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал төрт жасар ұлдарының өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

20 желтоқсан, жұма күні Сакраменто округінің полиция қызметкерлері шақырту бойынша келді. Оларға Андрей Демский мен Ангелина Винникова есімді ерлі-зайыптылардың қатты ұрысып жатқаны туралы хабарланған.

Бастапқыда ер адам полиция қызметкерлерін үйге кіргізгісі келмеді. Алайда, тәртіп сақшылары баланың құлағанын естіген соң, үйге басып кірді. Осы жерде полиция мен Андрей Демский арасында төбелес болды, нәтижесінде ер адам қолына кісен салынған.

Полиция үйді тексеру барысында ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесінде басы денесінен бөлінген кішкентай баланы тапты. Бұл Андрей Демский мен Ангелина Винникованың төрт жасар ұлы Миха екенін анықтады.

Полиция оқиға орнын өз тәжірибелеріндегі ең ауыр көрініс деп сипаттады.

Белгілі болғандай, жанжал кезінде Демский өз ұлын басын кесіп өлтірген. Бұл оқиғаның қалай болғаны және неге бала зардап шеккені тергеу барысында анықталмақ.

Полицияның айтуынша, үйде Ангелина Винникова мен оның анасы болған, олар төбелес басталмай тұрып үйден қашып үлгерген. Сондай-ақ, күдікті қайын енесіне де шабуыл жасаған. Ол жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Андрей Демский қамауға алынды. Оған кепілмен босату құқығы берілген жоқ. Бұл оқиғадан кейін оған үш ауыр қылмыс бойынша айып тағылды: ауыр дене жарақатын келтіретін күш қолдану, жұбайына дене жарақатын салу және адам өлтіру. Ол 24 желтоқсанда сот алдында жауап беруі тиіс.

GoFundMe ерікті көмек көрсету платформасында отбасыны қолдау үшін қаржы жинау басталды.

Үш күн ішінде америкалықтар 70 мың долларға (шамамен 37 млн теңге) жуық қаражат аударды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар