Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еркетотайлардың жынын қағатын уақыт келді!: Журналист бірқатар әншілер туралы сұмдық дерек айтты

18:10, 18 ақпан 2025 834

Танымал журналист, блогер Мөлдір Бақыт әншілерге де салық салыну керегін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Әнші бұл туралы парақшасында Мәлімдеді.

«Осы тойда ән айтып, мың долларлап гонорар алатындарды креативті индустрия өкілдеріне жатқыза аламыз ба? Тағы бір мәселе, жылына 15 млн табысы барлар НДС төлейді дедік. Сонда осыған дейін әнші-пәнші, блогер-слогерлер салықты қалай төлеп келді? Креативті индустрия өкілі ретінде 4% ғана ма? Тағы ИП шығар барлығында? Әлде ол да жоқ па?

Менің ойымша, олар да басқа бизнес өкілдері секілді жауапкершілік алуы керек. Салық төлесе, төбелерінен суық су құйып жібергендей оянады. Айналаға қарай бастайды, талап ете бастайды. Риторикасы өзгереді. Осы күнге дейін аз шолжыңдаған жоқ. Еркетотайлардың жындарын қағып алатын уақыт жетті.

Олар қайырымдылық жасайды деген жабайы уәж өтпейді», — деді Мөлдір Бақыт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар