Ел бойынша полиция қызметі күшеймек, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұған себеп, дүниежүзіліу көшпенділер ойындарының өткізілуі.
Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті.
"Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйек күні мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды", - деп хабарлады ведомсвто.
ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді.